«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚаржы

Қазақстанда 16 миллион адамның жеке дерегі тарады: Тергеу басталды

16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті: Цифрлық даму министрлігі тексерісті бастады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерінің таралуы туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

2025 жылдың 16 маусымында әлеуметтік желілерде 16,3 миллион қазақстандықтың жеке деректері бар жазбалар тарағаны жөнінде ақпарат пайда болды. Бұл деректі Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сәтиев растады.

Тараған ақпаратта азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекенжайы, тұрғылықты жері, байланыс нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс), азаматтығы, ұлты және басқа да жеке деректері қамтылған.

Министрліктің мәлімдеуінше, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған деректердің шынайылығы мен өзектілігін тексеріп жатыр. Алғашқы талдаулар бұл мәліметтердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсеткен. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар тіркелмеген.

– «Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасауға әлі ерте», – делінген министрлік хабарламасында.

Егер азаматтың дербес деректері тараған база ішінде болғаны анықталса, бұл туралы электронды үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетке хабарлама жолданады.

Министрлік тексеру нәтижелері бойынша қосымша ақпарат берілетінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Ауылдарда ит талаған баланың бәріне дер кезінде медициналық көмек жасалынбайды — Еділ Жанбыршин

Redaktor Shyn-Ar

БАТЫРҒА ЖАСАЛЫНҒАН ҚИЯНАТ БҰЛАЙ КЕТПЕУІ КЕРЕК

Президент Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды іске асыру жоспарына қол қойды

Пікір жазу