«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Израиль атысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді

Израиль

Израиль үкіметі Иранға қарсы әскери операцияның мақсаттары толық орындалғанын, тіпті артығымен орындалғанын мәлімдеп, атысты тоқтату туралы АҚШ президенті Дональд Трамптың ұсынысымен келісетінін хабарлады. Бұл туралы 24 маусым, сейсенбі күні таңертең Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі ресми мәлімдеме таратты.

Нетаньяху өз кабинетіне Израиль әскері операция барысында барлық белгіленген әскери мақсаттарға қол жеткізгенін жеткізген. Сонымен қатар, Израиль тарапы бітім бұзылған жағдайда қатаң жауап берілетінін ескертті.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін тараптарды атысты тоқтатып, жағдайды тұрақтандыруға шақырған болатын. Израиль бұл ұсынысты қолдап, атысты тоқтату режимінің күшіне енгенін растады.

Айта кетейік, Иран тарапы бұған дейін Израиль сейсенбі күні Тегеран уақытымен 4:00-ге дейін (Астана уақытымен 5:30) әскери шабуылдарды тоқтатқан жағдайда, жауапты әскери шаралар да доғарылатынын мәлімдеген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда әйел өздігінен босанып сәбиін терезеден лақтырып жіберген

Redaktor Shyn-Ar

Қызғалдақты жұлған адамға 12 миллион теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін

Redaktor Shyn-Ar

Зеленский Путинмен жеке кездесуге дайын екенін айтты

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу