«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Зеленский Ресеймен қарым-қатынасы нашарлаған Әзірбайжанға қолдау жасады

көрнекі сурет

Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбі күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Кездесу барысында Зеленский Әлиевке Украинаға, оның аумақтық тұтастығына және халқына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

«Ресей Әзербайжан азаматтарын қорлап, Республикаға қауіп төндіріп отырған сәтте Украина тарапынан қолдау бар екенін жеткіздім», – деп жазды Зеленский X әлеуметтік желісінде.

Ол сонымен қатар Ресей аумағында қаза тапқан әзербайжан азаматтарына байланысты көңіл айтты. «Барлық факт анықталатынына сенімдімін. Әділдік қажет. Президент Әлиевпен ортақ көзқарасымыз бар: әр адамның өмірі мен қадір-қасиеті қорғалуға тиіс», – деді ол.

Екі ел басшылары екіжақты қарым-қатынасты талқылап, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысын өткізуге уағдаласты.

Ресей мен Әзербайжан арасындағы шиеленіс 27 маусымда Екатеринбург қаласында әзербайжан диаспорасының ондаған өкілі ұсталғаннан кейін күшейді. Тергеу комитетінің дерегінше, шамамен 50 адам 2001–2011 жылдары жасалған қылмыстарға байланысты тергелуде. Басты күдіктілердің екеуі – ағайынды Гусейн және Зияддин Сафаров тергеу кезінде қаза тапты. Олардың бірінің жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғаны хабарланды, екіншісінің өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Новый аким Алматы Дархан Сатыбалды рассказал о планах по развитию города

Bloomberg: Трамп Пасха мерекесіне дейін Украинадағы соғысты тоқтатуды қалайды

Россия сняла запрет на ввоз пшеницы из Казахстана

Пікір жазу