«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Ұлттық банк жаңа құрылыстан пәтер сатып алу тәртібін өзгертуді ұсынды

Қазақстанда пәтер сатып алу: қандай жағдайда қолма-қол ақшамен төлей алмайсыз?

Қазақстан Ұлттық банкі жаңа құрылыстағы тұрғын үйді сатып алу тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулер жобасын әзірледі. Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 15 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Негізгі өзгеріс — енді салынып жатқан тұрғын үй нысанынан үлес (пәтер) сатып алатын азаматтар төлемді тек қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізуі тиіс. Яғни, мәміле тек банк немесе төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылуы керек. Қолма-қол ақшамен есеп айырысуға тыйым салынады.

Бұл талап үлестік құрылысқа қатысатындар, қаржылық операциялар жасайтындар және төтенше жағдайлардан кейін көмек алатын азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес:

  • Қолма-қол төлем жасауға тыйым салынады — тек банк арқылы аудару;

  • Құрылыс салушы рұқсат алмаған жағдайда жаңа нысандарды жарнамалай алмайды;

  • Салынып жатқан пәтерлерге алдын ала сатып алу-сату шартын жасауға тыйым салынады;

  • Рұқсат құжаттары жоқ үйлерге ипотека берілмейді;

  • Әкімдіктер құрылысқа ақша жинау процесін бақылауға алады;

  • Құрылыс мерзімін ұзарту уақыты 9 айдан 5 айға қысқарады.

Еске салайық, бұған дейін Парламент үлестік құрылыс саласын бақылауды күшейтетін заң қабылдаған болатын. Ұлттық банктің бастамасы осы заң аясындағы шаралардың жалғасы ретінде қарастырылып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Абылай Мырзахметов өзін мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Ауыл мектебі – ауылдың тірегі: депутат шекара маңындағы білім ошақтарын сақтап қалуға шақырды

Қазақстанда 38 жаңа кен орны табылды

Пікір жазу