«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Экс-вице-министрлердің үйінен 200 миллион теңге табылды

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» мен «Бірінші кредиттік бюро» лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде пара алу және беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу барысында «Бірінші кредиттік бюро» басшылығы азаматтардың жеке деректерін заңсыз алу мақсатында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» лауазымды тұлғаларына жүйелі түрде пара беріп келгені анықталды.

2025 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кезекті 75 мың АҚШ доллары (шамамен 35 млн теңге) көлемінде пара беру кезінде бірнеше тұлға ұсталды. Олардың қатарында:

«Бірінші кредиттік бюро» бас директоры Руслан Омаров,

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» басшысы Ақмәди Сарбасов, осы орталықтың бұрынғы басшысы Дәулет Арғандықов бар.

Тінту кезінде күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан 370 мың АҚШ доллары (шамамен 191 млн теңге) және 4,5 млн теңге қолма-қол ақша тәркіленді.

2025 жылғы 30 маусымда сот шешімімен үш күдікті де екі айға қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің экс-орынбасарының ұсталғаны хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Кто считается автором текстов, видео, фото, музыки и графики, созданных с участием ИИ

Алматыдағы жерді жалға алғаны үшін АҚШ Қазақстанға қанша ақы төлейді – СІМ жауап берді

Redaktor Shyn-Ar

Өзін «атыраулық хакер» деп таныстырған блогер қысым көріп жатқанын мәлімдеді

Redaktor Shyn-Ar