«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратэкономика

Алматыда электр энергиясының тарифтері қымбаттамақ

2025 жылғы 1 маусымнан бастап Алматыда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы ұсынған жобаға сәйкес, 1 киловатт-сағаттың шекті бағасы ҚҚС-сыз 38,66 теңге болуы ықтимал. Қазіргі тариф – ҚҚС-пен 30,9 теңге.

Болжамды тарифтер (ҚҚС-сыз):

Халық үшін – 29,52 теңге

Тұрмыстық емес тұтынушыларға – 38,66 теңге

Мемлекеттік мекемелерге – 111,72 теңге

Тұтыну көлеміне қарай дифференциалды тарифтер:

1-деңгей – 26,80 теңге (қазір – 25,6)

2-деңгей – 35,42 теңге (қазір – 33,11)

3-деңгей – 44,28 теңге (қазір – 41,39)

Бұл өзгерістер әзірге жоба күйінде және Табиғи монополияларды реттеу департаментінің сараптамасынан кейін ғана бекітіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат Полат ісінен кейін қызметінен босатылған полицей қайтадан басшылық қызметке тағайындалды

«Көке мен сізді алдамаймын деп ант еткен»: Бишімбаевтың әкесі 1 миллион долларға қатысты іс бойынша сотта куәлік берді

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев 12 жылға сотталды

Redaktor Shyn-Ar