«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметҚұқық

Алматы облысында баланы талап тастаған иттерге қатысты видео жарияланды

Алматы облысы, Жалпақсай ауылында 10 жасар баланы талап тастаған иттерге қатысты жаңа видео Instagram желісінде жарияланды. Бейнежазбаны иттердің иесі жануарларды қорғау ұйымына ұсынған. Онда қоршаудың сыртында футбол ойнап жүрген балалар мен иттердің үрген дауысы ғана естіледі. Баланың айқайы видеожазбаның соңында ғана байқалады.

Оқиға реабилитациялық орталық аумағында болған. Ит иесінің айтуынша, балалардың бірі қоршаудан құлап түскен, ал иттер өз аумағын қорғауға тырысқан. Шабуыл жасаған иттер — американ булли тұқымдас. Ит иесі жарақаттардың қоршаудан да болуы мүмкін екенін айтып, сараптама жүргізуді сұрауда.

Оқиғадан кейін иттерге қарсы шара қолдану талап етілуде. Ал иесі бұл жағдайдың алғаш рет болып отырғанын және баланың еміне көмек көрсеткенін жеткізді. Алайда қоршау бұзылып, иттердің көбі өлтірілген.

Қазіргі уақытта зардап шеккен бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның құлағы жұлынған, денесінде көптеген жарақат бар. Екі тұрғын оны ажалдан арашалап қалған.

Полиция ит иесіне немесе шабуылды тоқтатқан тұрғынға қатысты қандай да бір процессуалдық шешім қабылданбағанын хабарлады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Зеленский Ресеймен қарым-қатынасы нашарлаған Әзірбайжанға қолдау жасады

3 жасқа дейін жәрдемақы төлеу ұсынысы талқылануда

В Казахстане вводят новые правила покупки SIM-карт

Пікір жазу