«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘдебиетБасты ақпаратҚоғам

Нұрмахан Оразбекке арналған ескерткіш тақта орнатылды

6 шілде күні Алматы қаласында көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, батыл редактор әрі баспагер Нұрмахан Оразбек тұрған үй мен ұзақ жылдар қызмет еткен «Қазақстан» баспасы ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды. Бұл – ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан қайсар тұлғаның еңбегіне деген лайықты құрметтің белгісі.

Іс-шараға қазақ руханияты мен әдебиетінің белгілі өкілдері, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегманов, халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеев, ҚР Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, белгілі журналист Мамадияр Жақып, жазушы Өскенбай Құлатайұлы, «Таңшолпан» журналының бас редакторы Нұрлыбек Саматұлы, Қызылордадан арнайы келген журналист, жазушы Нұрмахан Елтай, журналист Қараша Қараман қатысты.

Нұрмахан Оразбек – ел мүддесін бәрінен биік қойған, әділеттілік пен қарапайымдылықты ту еткен тұлға. Президенттермен тең сөйлесіп, министрлермен есімін атап сөйлескен өр мінезі оның рухани биігін танытты. Қаламгер достары – Әбіш Кекілбаев, Қадыр Мырзалиев, Мұхтар Мағауин, Оразбек Сәрсенбаев секілді ірі тұлғалар оны ерекше бағалаған.

Ол – білім мен парасаттың, тазалық пен адалдықтың символы болды. Халқы үшін еңбек еткен қайраткерді ұлт зиялылары бұған дейін «Халық қаһарманы» атағына ұсынған болатын. Бұл ұсынысты жуырдағы сұхбатында белгілі журналист Қайнар Олжай тағы да еске салды.

Ескерткіш тақтаның ашылуы – Нұрмахан Оразбекұлының ұлт алдындағы еңбегінің ескерусіз қалмағанының айғағы.

Жиын соңында сөз алған қаламгерлер Нұрмахан Оразбектің тұрған үйі алдағы уақытта сүрілуі (снос) мүмкін екендігін айтып, оны тарихи тұлға ретінде мемлекет қорғауына алып, үйді сақтап қалу жөнінде ұсыныс білдірді

Ескерткіш тақтаның ашылу рісімінен кейін жпзушының рухына арнап ас берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат ісі: Үйқамақта болуы тиіс айыпталушы оқиға кезінде бостандықта жүрген

Redaktor Shyn-Ar

Қай өңірлерді су басуы мүмкін? – вице-министр жауап берді

Семейде соққыға жығылған баланың отбасына қазақстандықтар 24 млн теңге жинап берді

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу