«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Ресейде дрон шабуылдары күшейді: жүздеген рейс тоқтатылып, көлік министрі қызметінен босатылды

Ресейде дрон шабуылдары күшейді: жүздеген рейс тоқтатылып, көлік министрі қызметінен босатылды
Көрнекі сурет

5 шілдеден бастап Ресейде дрон шабуылдарының жиілеуіне байланысты елдің бірнеше өңірінде әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер енгізілді. Бұл жағдай жаппай рейстердің тоқтауына және кешігуіне себеп болды.

Росавиация мәліметінше:

  • 485 рейс толық тоқтатылған;

  • 88 рейс балама аэродромдарға қонған;

  • 1 900-ге жуық рейс кешіктірілген;

  • 43 мың жолаушы билеттерін қайтаруға мәжбүр болған;

  • 94 мыңнан астам адам уақытша қонақ үйлерге орналастырылған.

Ведомство ахуалды «толығымен бақылауда» екенін айтып, елдің азаматтық авиация жүйесі сыртқы қысымдарға төтеп бере алады деп мәлімдеді.

Авиация саласындағы дағдарыс аясында Ресейдің көлік министрі Роман Старовойт қызметінен босатылды. Оның орнына Андрей Никитин уақытша министр міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл шешімді Ресей президенті Владимир Путин қабылдады.

Айта кетейік, соңғы аптада Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдар жасағанын хабарлады. Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің әуе соққысын соғыс басталғалы бергі ең ауқымды шабуылдардың бірі деп атады. Киев қаласы қатты зардап шеккен.

Ресейлік басылымдардың мәліметінше, дрон шабуылы кезінде Ростов облысында бір зейнеткер көз жұмған.

Ұқсас жаңалықтар

Қадір түнін қалай өткізу керек?

У казахстанца арестовали земли, торговый дом, сауну и машину на 200 млн тенге

Қазақтың 40 ою-өрнегі және олардың мағынасы

Пікір жазу