«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Конституцияның 30 жылдығына орай жаңа монеталар айналымға шығады

Ұлттық Банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады.

Монеталарда ел Конституциясын білдіретін ашық кітап бейнеленген, оның үстінде Қазақстан картасының контуры және фонында «30» саны көрсетілген. Қазақстан картасының дәл ортасында күнді бейнелейтін шаңырақ орналасқан. «30» санын бейнелеуде алтын жалату технологиясы қолданылған, бұл монетаның басты ерекшелігі болып табылады.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалып, алтынмен жалатылған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof». Номиналы – 1 000 теңге, таралымы – 1 000 дана.

1 000 теңгелік күміс монеталардың сатылымға шығу уақыты банктің ресми сайтында хабарланады. Ал 100 теңгелік биколорлы монеталар еркін айналымға енеді.

Ұқсас жаңалықтар

Суицидтің алдын алу мақсатындағы психодиагностика және психопрофилактиканың маңызы

Redaktor Shyn-Ar

МӘМС-дегі жемқорлық: Төраға орынбасары тұтқындалды

Алматыда бір түнде 17 жол апаты тіркелді: 6 адам жарақат алды