2025 жылғы 13 шілдеден бастап елімізде жоғары оқу орындарында білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтініштерді қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, құжаттарды онлайн түрде eGov.kz порталы арқылы немесе талапкер тұратын өңірдегі кез келген ЖОО жанынан құрылған қабылдау комиссияларында тапсыруға болады.
Қажетті құжаттар:
-
Жеке куәлік
-
ҰБТ сертификаты
-
3х4 көлеміндегі фотосурет
-
Орта білім туралы аттестат (немесе колледж түлектері үшін диплом)
-
Жеңілдік санатына қатысы барлар үшін растайтын құжаттар
ҰБТ шекті баллдары:
-
Құқық және педагогикалық бағыттар – кемінде 75 балл
-
Медицина және әлеуметтік қамтамасыз ету – кемінде 70 балл
-
Ұлттық ЖОО-ларға түсу үшін – кемінде 65 балл
-
Басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл
-
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне – кемінде 50 балл
Грант нәтижелері
Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Министрлік жоғары оқу орындары ақылы негізде оқуға қабылдау және гранттық конкурсқа қатысу үшін өз шекті баллдарын белгілеуге құқылы екенін ескертті.