«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратэкономика

Қазақстанда бензин бағасы тағы да көтеріледі

Қазақстанда бензин бағасының тағы да қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта арзан жанармайдың көлеңкелі жолмен шекара асып, өзге елдерге заңсыз тасымалдануы жиілеген. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін еліміздегі бензин мен дизель отынының бағасын көрші мемлекеттермен теңестіру қажет.

Сонымен қатар, вице-премьер жанармай өндірісін арттыру бойынша да жұмыстар қолға алынғанын хабарлады. Атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезеңі салынбақ. Бұл жоба жүзеге асқанда, мұнай өңдеу көлемі жылына 6 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға дейін артады. Бұдан бөлек, Павлодар мен Атырау мұнай өңдеу зауыттарының да өндірістік қуатын арттыру бойынша шаралар қабылданбақ.

Айта кетейік, қазіргі таңда жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы шамамен 205 теңге, ал АИ-95 бензині 244–264 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін бұрынғы Энергетика министрі де Қазақстандағы жанармай бағасы көрші елдермен теңестірілетінін мәлімдеген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің халықпен кездесуі өтті

Redaktor Shyn-Ar

«Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе…» – Тоқаев сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс айтты

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

shyn_ar_admin