«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қазақстанда базарлар неге жиі өртенеді? ТЖМ түсініктеме берді

Қазақстанда базарлар мен сауда орталықтарында жиі өрт шығуының себебі неде? Бұл сұраққа Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының басшысы Айгерім Раимқұлова жауап берді.

Оның айтуынша, жыл басынан бері жоғары өрт қауіпі бар, аумағы 2000 шаршы метрден асатын 63 сауда нысанына тексеру жүргізілген. Бұл — өрт қауіптерін басқару жүйесі іске қосылған, бұрын ескерту берілген, өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған нысандар.

«Нәтижесінде 950-ге жуық заңбұзушылық анықталды. Өрттердің жиі болу себебі — екіжақты мәселе: біріншісі – құрылыс пен жобалау кезеңінде, екіншісі – нысанды пайдалану барысында кеткен қателіктер. Сауда орындары, әсіресе базарлар өте тығыз орналасқан, рұқсат етілмеген дүңгіршектер көп, уақытша тартылған электр сымдары бар, жүктеме біркелкі емес, ал сымдардың оқшаулану деңгейі жыл сайын тексерілмейді. Көп жағдайда кәсіпкерлер өз нысандарының өрт қаупі жоғары екенін білмей де жатады», – деді ол.

Раимқұлова өрт қауіпсіздігін сақтау — нысан иесінің тікелей міндеті екенін еске салды.

«Олар сол жерден табыс табады, адамдар келеді – демек, ең алдымен сол адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті», – деді ведомство өкілі.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат өліміне күдіктілердің туған күн тойлаған видеосы бойынша тексеріс басталды

Алматы метросы Алатау қаласына дейін ұзартылмақ

Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда әйел өздігінен босанып сәбиін терезеден лақтырып жіберген

Redaktor Shyn-Ar