«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

«Бұл – жала»: Амантай қажы әйелді итерді деген айыпқа қатысты жауап берді

Әйелді баспалдақтан итерді деген күдікке ілінген Амантай қажы өз әрекетін ақтап отыр

83 жастағы қоғам белсендісі Амантай қажы әйелді баспалдақтан итерді деген айып бойынша қылмыстық іс аясында тергеліп жатыр. Ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, бұл оқиғаны «қасақана ұйымдастырылған арандату» деп бағалады.

«Бәрі өтірік. Ол жақсы әйел, бұрын талай рет кабинетінде кәмпит беріп жүретін. Не үшін екені белгісіз, сол жұма күні алдымнан жүгіріп шығып, аздап ішіп алған күйі құшақтай жөнелді. Мен тек қолын қағып жібердім. Сол сәтте ол ‘Ой’ деп құлап қалды. Мен оны итерген жоқпын», – деді Амантай қажы.

Оның айтуынша, дау шыққан спорт кешенінде ол бұрыннан жаттығып жүрген. Ал зардап шеккен әйелді бұрыннан танитынын жеткізді.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жіберген сәті түсірілген видео тараған болатын. Оқиға салдарынан жәбірленушінің жамбасы сынған. Кейін жәбірленушінің қызы оқиғаның мән-жайын баяндап, анасының ауыр жарақат алғанын мәлімдеген еді.

Ұқсас жаңалықтар

«Достық көпірі» одағының алғашқы сессиясы өтеді

Redaktor Shyn-Ar

ҒЫЛЫМ МЕН РУХАНИЯТТЫ ҚАТАР СЕРІК ЕТКЕН ТҰЛҒА

Redaktor Shyn-Ar

Жетісайдағы өрт: Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, тергеу жүргізуді тапсырды