«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Түн ортасында шаңсорғыш қосып, үй жинасаңыз айыппұл арқалайсыз

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұрғын үйлерде тыныштық сақтау міндетті. Жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 23:00-ден таңғы 10:00-ге дейін шу шығаруға тыйым салынады. Бұл уақытта қатты дыбыс шығаратын құрылғыларды – шаңсорғыш, кір жуғыш машина, шаш кептіргіш және басқа да тұрмыстық техниканы қолдануға болмайды.

Егер көршілеріңіздің мазасын алып, олардан шағым түссе, бірінші рет ескерту немесе 20 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда айыппұл 39 000 теңгеге дейін өседі. Ал заңды тұлғалар үшін бұл сома әлдеқайда жоғары: алғашқы тәртіп бұзушылық үшін – 118 000 теңге, қайталанса – 785 000 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.

Тыныштықты сақтау – әр тұрғынның міндеті. Кешкі уақытта үй шаруасын кейінге қалдыру арқылы көршілеріңіздің демалысына құрметпен қараңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайға жер беріледі ме?: Министр жауап берді

129 мың теңгеге дейін айыппұл: референдум алдындағы “тыныштық күні” қандай әрекеттерге тыйым салынады

«Билік қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме — Ерлан Қарин