«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратЭкология

Каспий теңізінен үлкен қара дақ байқалды

Каспий теңізі

16 тамызда «Мөлдір әлем» жобасының экологтары Каспий теңізінен ластаушы дақты анықтады. Оның аумағы 82 шаршы шақырымды құрайды.

Жобаның мәліметінше, Sentinel-1A радиолокациялық спутниктік суретінде ірі фрагменттік дақ анықталған. Экологтардың айтуынша, бұл дақ мұнай қалдықтары немесе балық аулау нәтижесінде пайда болған ластану болуы мүмкін. Лас із Құрық портынан бастап Әзірбайжанның Баку қаласына дейін, яғни Қазақстан мен Әзірбайжан секторлары арқылы өтетін кеме жолының бойымен созылып жатыр.

«Бұл жай ғана суда қалқып жүрген кездейсоқ дақ емес, Каспий картасындағы тұтас қара ізге айналды», – деп мәлімдеді Transparent World ұйымы. Олар осындай шығарындылар жалғаса берсе, теңіздің экологиялық жағдайы күрт нашарлайтынына алаңдаулы.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық видеограф Адай Мырзатай өз парақшасында Каспий теңізінің 2013 және 2025 жылдардағы жағдайын салыстырған бейнеролик жариялаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

129 мың теңгеге дейін айыппұл: референдум алдындағы “тыныштық күні” қандай әрекеттерге тыйым салынады

Алматыда Сайран жағалауынан қаңтар кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі екі облысты шегіртке басқанын жоққа шығарды

Redaktor Shyn-Ar