«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Енді қазақстандықтар балаларын eGov арқылы басқа мектепке оңай ауыстыра алады

Қазақстанда ата-аналар оқушыларды басқа мектепке eGov арқылы ауыстыра алады

Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке енді онлайн түрде, eGov.kz порталы арқылы ауыстыра алады. Олар тұрғылықты мекенжайы бойынша немесе одан тыс кез келген мектепті таңдап, электронды өтініш бере алады.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бұл қызмет бұрынғыдай есептен шығару қағазын, бекіту талондарын немесе жеке іс құжаттарын жинауды талап етпейді. Өтініш беруші баланың оқу тілін таңдай алады және қажет болған жағдайда өтінішін қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Қызметті қалай алуға болады?

  1. eGov.kz порталында тіркеліңіз (немесе ЭЦҚ-мен кіріңіз);

  2. Басты беттен “Білім” → “Орта білім” бөліміне өтіңіз;

  3. “Балаларды мектептен мектепке ауыстыру” қызметін таңдаңыз;

  4. Өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз;

  5. Нәтижесін жеке кабинеттен бақылаңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы әуежайында кепілге алынған қызметкерді белгісіз ер адам құтқарып қалды

Зеленский перед встречей с Трампом заявил, что “Украина готова к перемирию

Енді қыз алып қашқандар 10 жылға сотталады