«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратЭкология

Алматы орталығына ескі көліктердің кіруіне шектеу енгізіледі: кімге қатысты, қандай шарттар бар?

Алматыда экологиялық талаптарға сай келмейтін автокөліктерге қала орталығына кіруге шектеу қойылмақ. Бұл жаңа экологиялық ережелер ауа сапасын жақсартуға бағытталған.

Қандай көліктерге шектеу қойылады?

Алматы әкімдігінің мәліметінше, шектеулер Евро-5 стандартынан төмен экологиялық санаттағы көліктерге қатысты болады. Мұндай көліктер үшін:

  • Қала орталығына кіру ақылы болуы мүмкін;

  • Ауаның қатты ластануы кезінде – кіруге толық тыйым салынуы ықтимал.

Ескі көліктерден қалай құтылуға болады?

Ескі көлік иелеріне оларды кәдеге жарату арқылы тапсыру мүмкіндігі ұсынылады. Бұл бағдарлама 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолжетімді.

Бағдарлама аясында:

  • Алматыда тіркелген ескі көліктер сатып алынады;

  • Қаржыландыру көлік иелерінен алынатын төлемдерден, өндірушілер мен импорттаушылардың міндеттемелері аясындағы қаржыдан, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

«Аймаққа» кіру қалай есептеледі?

  • Төлем фото және бейнебақылау жүйелерінің деректері арқылы әр күнтізбелік күн үшін есептеледі;

  • Көлік тұрақта немесе аулада тұрса, ол күндері төлем алынбайды;

  • Төлем тек көлік «Аймақ» ішінде жүрген күндері үшін алынады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент тұрғыны 120 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін 600 миллион доллар қарыз алайын деп отыр

170 мың адам жаңа жұмыс іздейді, табыс төмен