«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ-ның тізгінін уақытша ұстады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орны әзірге бос тұр. Қазіргі таңда бұл міндетті уақытша Ерлан Қойшыбаев атқаруда.

Агенттік дереккөзінің хабарлауынша, Қойшыбаевтың уақытша басшылыққа келуі – ішкі тәртіпке сай жүзеге асқан. «Бұл – штаттағы қалыпты тәртіп. Мысалы, басқарма төрағасы демалысқа шыққан жағдайда да оның орнына уақытша міндетін Ерлан Қойшыбаев атқаратын еді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ерлан Қойшыбаев – Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің күйеу баласы.

Еске салсақ, ҚТЖ-ны бұған дейін қазіргі Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев басқарған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Ипотеканы қайта бере бастаған банктер анықталды

Министр коммуналдық қызметтің неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

Redaktor Shyn-Ar

Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Қазақстан Иранмен жасалған барлық келісімді тоқтатты

Redaktor Shyn-Ar