«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТағайындау

«Қазақстан» РТРК-ның жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы болып Ернұр Бурахан тағайындалды.

Ернұр Көшерханұлы Бурахан 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Әр жылдары «Qazaqstan» телеарнасында тілші, тележүргізуші, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, сондай-ақ «Қазақ радиолары» ЖШС директоры қызметін атқарды. Соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасын басқарды.

Ал Корпорацияны алты жылдан астам уақыт басқарып келген белгілі медиаменеджер Ләззат Танысбай өз өтінішімен қызметінен кетті. Ол бүгіннен бастап «Евразия» бірінші арнасының басшысы болып тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Түрмеде отырған адам қағаз жүзінде колледж ашып, 1,3 млрд теңгенің грантын алған

Қазақстанда тұрақты тіркеуі жоқ азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы төлемеу ұсынылды

Қазақстанда соңғы қоңырау қай күні соғылады?

Redaktor Shyn-Ar