«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Руслан Берденовке жасалған қастандық: Прокурор айыпталушыға 11 жыл 3 ай сұрады

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот жалғасып жатыр.

Бүгінгі отырыста мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Қараманов айыпталушы Ернар Жиембайдың кінәсі куәгерлердің айғақтары мен өзге де дәлелдермен толық расталғанын атап өтті.

Прокурор соттан Жиембайды ҚР Қылмыстық кодексінің:

99-бабы, 1-бөлігі (“Адам өлтіру”),

24-бабы, 3-бөлігі (“Қылмысқа дайындалу және адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты аяқталмаған қылмысқа оқталу”) бойынша кінәлі деп танып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыптаушы жеңілдететін жағдай ретінде айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының барын айтты. Ал қылмыстың мас күйінде жасалғаны ауырлататын мән-жай болып есептелді.

Еске салсақ, бүгінгі сот отырысында Ернар Жиембай қылмысқа қызғаныш себеп болғанын мойындады. Ал Руслан Берденов бұған дейін оны кешірмейтінін мәлімдеген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбелік мұғалім бес жылдық қысым туралы мәлімдеді: шағым президентке дейін жеткен

Меруерт Өтекешова мен декан арасындағы келіспеушілік ашық дауға айналды

Ұлыбритания бейбітшілікті сақтау үшін Украинаға әскер жібермек