«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы беру тоқтатылады: Министр түсіндірді

Орташа табыс деңгейінен жоғары кірісі бар көпбалалы аналар жеңілдіктерден айырылуы мүмкін — Министр түсініктеме берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова көпбалалы аналарға қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді. Министрдің сөзінше, көпбалалы отбасыларға республикалық бюджеттен жасалатын барлық төлемдер бұрынғы тәртіппен жүргізіліп келеді және алдағы уақытта да тоқтамайды.

Сонымен қатар, «Күміс алқа», «Алтын алқа» медальдарымен, «Батыр Ана» атағымен және I, II дәрежелі аналық даңқ ордендерімен марапатталған әйелдер өмір бойы көпбалалы ана ретінде төлем алуды жалғастыра береді.

Жергілікті биліктің беретін жеңілдіктері, мысалы тегін тамақтану немесе басқа да әлеуметтік қолдаулар, әкімдіктердің шешіміне байланысты екенін министр атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін кейбір орташа табыстан жоғары кірісі бар көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдемақы төлеу тоқтатылуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Терроризм туралы жалған хабар берудің салдары қандай? – Бас прокуратура түсіндірді

Бүлдіршінді тепкілеп, қолын бұраған: Кішкентай баласын аяусыз ұрып-соққан ана қамалды

Redaktor Shyn-Ar

ЖИ мұғалімді алмастыра ала ма?

Redaktor Shyn-Ar