«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарӘлеуметБасты ақпарат

Қазақстанда ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды

   Мәжілісте кішкентай балалары бар ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды. Бұл бастаманы палатадағы Еңбек кодексіне енгізілетін түзетулер талқыланған пленарлық отырыста депутат Қарақат Әбден көтерді.

   Оның айтуынша, қазіргі жағдайда жұмыс істейтін ата-аналардың көпшілігі балабақшадан балаларын уақтылы алып кету мүмкіндігінен айырылып отыр. «Кішкентай балалары бар ата-аналардың жағдайы ескерусіз қалып келеді. Олар жұмыстан ерте шыға алмай, балабақшадан балаларын алып кетуде қиындыққа тап болады», – деді депутат.

   Әбден уәкілетті органдар мен әріптестерін заң жобасын екінші оқылымда қарау барысында бұл ұсынысты міндетті түрде назарға алуға шақырды.

   Депутаттың айтуынша, көптеген дамыған мемлекеттерде кішкентай балалары бар ата-аналар үшін қысқартылған жұмыс күні немесе жұмыс аптасы бұрыннан қолданылып келеді. Бұл тәжірибе өзінің тиімділігін дәлелдеп, ғылыми тұрғыдан да негізделген. «Мұндай шара қандай да бір қосымша жеңілдік немесе артықшылық ретінде емес, отбасын қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл ретте бюджетке қосымша салмақ түспейді», – деп атап өтті Әбден.

Ұқсас жаңалықтар

«Дәрігер бар, ақша жоқ». Министр ауыл дәрігерлерінің ақшадан қағылғанын айтты

Redaktor Shyn-Ar

Әскерге шақырылған сарбаз Қорғаныс министрлігінің қызметкерін сотқа берді

Қазақстанда көліктің нөміріне қарай көшеге шығу шектелуі мүмкін