«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратҚұқық

Алматыда блогердің аутизм туралы айтқаны үшін полиция тергеу бастады

Ата-аналардың шағымынан кейін Алматы полициясы аутизмі бар балаларға қатысты блогердің әлеуметтік желідегі жазбаларын тексеріп жатыр. Пайдаланушылар блогер Райхан Жұмамұратованың жазбаларының скриншоттарын таратып, қоғамда кең талқылау туғызды.

Блогер былай деп жазған:
«Аутистер тым көбейіп кетті, оларды емдеу керек. Егер емделмесе, өлтіріп немесе арнайы аутизмге арналған ауруханалар ашу қажет. Аутизмі бар баланың ешқандай сезімі жоқ! Әке-шешесі неге қарамайды? Ата-аналар балаларының диагнозын білген соң неге ай қарап жүреді?»

«Аутизм Қазақстан» ұлттық ассоциациясының ресми Instagram парақшасында хабарланғандай, ұйымға блогердің жазбасы туралы азаматтардан көптеп өтініштер түсе бастады. Бұл пікір 2025 жылғы 23 тамызда Алматыда болған қайғылы оқиғаға байланысты жазылған. Онда 13 жастағы жасөспірімнің (ресми диагнозы расталмаған, бірақ дамуында ерекшелігі болуы мүмкін) әрекетінен екі жасар бала зардап шеккен.

Ата-аналардың шағымынан кейін «Аутизм Қазақстан» ассоциациясы бұл мәселе бойынша Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне ресми хат жолдады. Алматы қалалық полиция департаменті де Instagram-дегі ресми парақшасында түсініктеме беріп, тексеріс жүргізіліп жатқанын растады.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі:
«»AUTISM KAZAKHSTAN» ұлттық ассоциациясынан ерекше балаларға қатысты әлеуметтік желідегі жазбаларға байланысты өтініш келіп түсті. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, блогердің жеке басы анықталды. Заң аясында шара қолданылатын болады.»

Полиция өкілдері әлеуметтік араздықты қоздыру, қорлау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттаған материалдар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
«Қылмысқа шақыратын немесе азаматтардың құқықтарын бұзуға бағытталған кез келген пікірлерге жол берілмейді», – деп хабарлады ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы жекеменшік түзету орталығында 9 жастағы аутизмі бар қызға мұғалімнің күш көрсетуі туралы видео тараған еді. Оқиға бойынша тергеу жүріп, анасы кінәлі маманды жауапқа тартуды талап етті.

Ұқсас жаңалықтар

МӘМС жүйесіне байланысты депутат Бас прокуратураға арызданбақ

Қауіпсіздік емтиханынан өтпеген қазақстандықтарды жұмыстан босату ұсынылды

Redaktor Shyn-Ar

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс осы аптада сотқа түседі

Redaktor Shyn-Ar