«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратэкономика

Астанада LRT құрылысын аяқтау үшін жер мен жылжымайтын мүлік сатылымға қойылды

City Transportation Systems (CTS) көлік компаниясы Астанадағы жылжымайтын мүліктерді, оның ішінде жер учаскелері, ғимараттар және аяқталмаған құрылыстарды аукционға шығаратынын хабарлады. Түскен қаражат жеңіл рельсті көлік (LRT) құрылысын аяқтауға жұмсалатын болады. Аукцион осы айдың ішінде өтеді, ал нысандардың толық тізімі e-qazyna.kz сайтында жарияланған. CTS-ке тиесілі активтердің ондаған лоты осы жерде ұсынылған.

Мысалы, 9 қыркүйекте Нұра ауданындағы жер телімі бойынша аукцион өткізу жоспарланған. Оның бастапқы бағасы – 337 710 279 теңге. Сондай-ақ, аукционға Нұра, Сарыарқа және Есіл аудандарындағы әртүрлі аумақтағы жер учаскелері қойылған, олардың бастапқы бағасы мен көлемі әртүрлі.

Сонымен бірге, 9 қыркүйекте Бөкейхан көшесіндегі аяқталмаған тұрғын үй кешені — Birlik House бойынша да аукцион өткізіледі. Оның бастапқы бағасы 3,28 миллиард теңге. Сауда бағаны көтеру арқылы жүргізілетін болады. Кейбір лоттар бойынша аукцион 3-4 қыркүйек күндері жоспарланған, олардың ішінде Есіл ауданындағы бастапқы бағасы 17 187 222 теңге болатын нысан бар.

CTS компаниясы бұл нысандардың өз меншігіне қалай өткені туралы түсініктеме берді. Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген жауабында: «Азаматтық кодекстің 341-бабына сәйкес, City Transportation Systems ЖШС-не міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін талап ету құқықтары берілді. Осы құқықтар аясында берешекті өтеу үшін мүлік қабылданып, саудаға шығарылды», – делінген.

Компания мәлімдегендей, егер нысандарды сатуда қиындық туындаса, олар қайтадан аукционға шығарылады.

Айта кету керек, бұған дейін 2025 жылы Ұлттық қордан нысаналы трансферт қаражаты ретінде республикалық бюджетте LRT жобасын іске асыруға 332,4 миллиард теңге бөлінгені хабарланған еді. CTS лоттарды сатудан түскен қаражат жобаны қосымша қаржыландыруға бағытталатынын, алайда жалпы қаржыландыру саудадан түскен қаражатқа толығымен тәуелді емес екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

«Әуежайдың қауіпсіздік қызметі жауапкершілікке тартылады»: ІІМ Алматыда қызметкерді кепілге алған күдіктіге қатысты пікір білдірді

Түркияда кесарь тілігін жасауға тыйым салынбақ

Redaktor Shyn-Ar

Зеленский Ресеймен қарым-қатынасы нашарлаған Әзірбайжанға қолдау жасады