«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Депутат Базарбек 20 миллион теңге жалақыға қатысты сөзін түсіндірді

Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбектен «20 миллионға татитын жұмыс істеп жүрмін» деген сөзі туралы сұралды.

Мәжілісменнің айтуынша, әңгіме оның атқарып жүрген жұмыс көлемі жайында болған:

«Мен заң талап еткеннен әлдеқайда көп күш салып, жұмыс істеймін. Жиырма есе көп. Мүмкін, отыз есе көп. Мен Жоғарғы аудиторлық палатаның, Жер ресурстары комитетінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология министрлігі мен экологиялық инспекцияның тексерістеріне бастамашы боламын. Мемлекеттік органдардың өзі істеуі керек жұмысқа, іс жүзінде оларды мәжбүрлеймін», — деді Базарбек.

Парламентарий мұндай әрекеттер оның функционалдық міндеттеріне кірмейтінін атап өтті, алайда Базарбектің айтуынша, мемлекеттік органдар өз міндетін орындамағандықтан, оған айналысуға тура келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Басына екі оқ тиген сарбаз: Қайсар Сұлтанов ісінде әділдік бар ма?

Министрлік атынан үй аралап жүрген алаяқтар пайда болды

Павлодарда мемлекеттік рәміздерді жоюға қатысты видеоға ресми түсініктеме берілді

Redaktor Shyn-Ar