«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Суицидтің алдын алу мақсатындағы психодиагностика және психопрофилактиканың маңызы

Суицидтің алдын алу – бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағыттағы психодиагностика мен психопрофилактикалық іс-шаралар суицидке дейінгі кезеңдегі адамдарға көмек көрсетуге бағытталған. Мұндай қолдау жеке, топтық және отбасылық психотерапия түрінде жүзеге асырылады. Адамды өз-өзіне қол жұмсаудан сақтаудың факторлық талдауы практикалық маңызы зор.

Суицидтің алдын алуда келесі факторлар ерекше рөл атқарады:

  1. Депрессиялық бұзылулармен байланысты психикалық аурулардың болмауы;

  2. Отбасындағы жақсы қарым-қатынас;

  3. Нақты немесе формальды ойлау деңгейіне жетпеген когнитивтік қызмет;

  4. Адамның ойлау қабілетінде суицидке қарсы мәдени және рухани-діни факторлардың қалыптасуы;

  5. Депрессиялық күй мен сезімталдықты, сондай-ақ балалық кездегі травмалық оқиғаларды жою мақсатында жеке терапияның ұйымдастырылуы.

Аталған мәселеге қатысты 10 қыркүйекте ҚАЖ Департаментіне қарасты №67 мекемесіне М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі А. Абдрахманова арнайы шақыртылды. Ол мекемеде ұсталатын тергеудегі және сотталған азаматтармен «Суицидті алдын-алу» тақырыбында дәріс оқып, суицидтің алдын алу мақсатында түрлі психопрофилактикалық тренингтер өткізді және жеке сұхбаттар жүргізді.

Бұл шаралар тергеудегі және сотталған азаматтардың психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ суицидтік әрекеттердің алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

№67 мекемесінің инспектор-психологы
Әділет аға лейтенанты
А.Е. Аташева

Ұқсас жаңалықтар

Кто посетит Казахстан на этой неделе призиденту

Бүгіннен бастап Қазақстанда жаңа айыппұлдар қолданысқа енді

Тоқаев Отан қорғаушылар күніне орай шенеуніктерге ордендер табыстады

Redaktor Shyn-Ar