Қазақстан тағы бір мемлекетпен сотталғандарды алмастыру туралы келісімге қол қойды. Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Перу арасындағы сотталғандарды беру және қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы шартты ратификациялауды мақұлдады.
Шартқа сәйкес, екі ел сотталған азаматтарды жазасын өтеу үшін өз елдеріне қайтарады. Сонымен қатар, тараптар қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге, ақпарат алмасуға және тергеу процестеріне жәрдемдесуге келісім берді.
«Бұл келісім екі ел арасындағы қылмыспен күрестегі ынтымақтастықты нығайтып, сотталғандарды өз елінде қоғамға қайта бейімдеуге ықпал етеді», – деді депутат Снежана Имашева.
Қазақстан мен Перу бұл келісімді 2024 жылдың қазан айында жасасқан болатын. Сол кезде Бас прокуратура заң бұзған кейбір қазақстандықтардың Латын Америкасы елдерінде жасырынуға тырысатынын хабарлаған еді.
