«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлемБасты ақпаратСаясат

Қазақстан Газаға әскер жібермек: Трамп Тоқаевқа алғыс айтты

Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиынына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Кездесуде сөз сөйлеген Дональд Трамп Қазақстанға және оның басшысына ризашылығын білдірді. Ол Қазақстанды «бай әрі мықты мемлекет» деп атады.

Трамптың айтуынша, кеңеске қатысушы елдер Газа секторына көмек ретінде 7 миллиард доллар бөлуге уәде берген.

Жиында Қазақстан Газа аймағындағы халықаралық тұрақтандыру күштеріне әскери қызметкерлер жіберуге дайын екенін білдірді. Мұндай шешімге келіскен елдердің қатарында Индонезия, Марокко, Косово және Албания да бар.

Отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың атымен арнайы сыйлық тағайындауды ұсынды. Оның сөзінше, бұл марапат бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесін бағалау үшін берілуі мүмкін.

Кездесуге бірнеше елдің басшылары қатысты. Олардың арасында Ильхам Әлиев, Шавкат Мирзиеев, сондай-ақ Никол Пашинян мен Эди Рама болды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, кеңеске 26 мемлекет мүше ретінде, тағы 23 ел бақылаушы ретінде қатысып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

«55 мың теңге – бір айға емес, бір күнге де жетпейді!»:Қазақстанда миллион адам кедейлік шегінде өмір сүреді

«Менің жазығым не?» – Қазақстанда отбасы ішіндегі зорлық туралы оқиға

Трамп өзін Нобель сыйлығына ұсынған Әзербайжан президентіне алғыс айтты

Redaktor Shyn-Ar