«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметэкономика

Ауыл шаруашылығы министрінің үстінен жалған ақпарат таратты деген айыппен арыз жазылды

Бұл туралы журналист Кирилл Павлов өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

«Қазақстанның сүт өнімдерімен өзін-өзі 100% қамтамасыз ететітіні туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ауыл шаруашылығы министрі Сапаровтың үстінен Астана полиция департаментіне арыз жаздым», – делінген журналист жазбасында.

Кирилл Павлов президент әкімшілігінен арызға қатысты жағдайды бақылауға алуды сұрады.

«Ресми статистика мен халықаралық деректер базасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстан 183 мың тонна сүт пен сүт өнімдерін 410,7 миллион долларға импорттаған (Ұлттық статистика бюросы, UN Comtrade, БАҚ деректері); ірімшік пен сүзбе нарығындағы импорт үлесі 48%-ға, ал май мен сүт-май өнімдері бойынша 15%-ға жетеді (салалық қауымдастықтардың деректері)», – дейді журналист.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат Полат ісі: Сотталғандар үкімге қарсы апелляциялық шағым берді

Қайырхан Тұтқышбаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Бес өңірде су тасқыны қаупі күшейді – Олжас Бектенов