Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы қыркүйек айында полиция және прокуратурамен бірлесіп қару-жарақты іздестіру және заңсыз айналымнан алу мақсатында бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Рейд жұмыстары Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында жүргізілді.
Іздестіру шаралары барысында жалпы 62 бірлік қару-жарақ тәркіленді, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және 4 мыңнан астам оқ-дәрі бар. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, тәркіленген қарулардың ішінде 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 қару-жарақ анықталды.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу әрекеттері жалғасуда.
