«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

Әлеуметтік жобаларға бөлінген 2 миллиард теңге жымқырылды: Мәслихат депутатының үстінен іс қозғалды

Мәслихат депутаты 2 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «QazConstructions» ЖШС-нің бұрынғы директорының орынбасары, Күршім ауданы мәслихатының депутаты қатысқан іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тергеу барысында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды. Бұл жобалар халықтың өмір сапасын жақсарту және бос уақытты тиімді өткізуге бағытталған болатын, алайда қылмыстық әрекеттер салдарынан төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жеті ауылды сумен қамтамасыз етуге арналған су құбыры желілері пайдалануға берілмеді.

Жымқырылған қаражат көлемі 2 миллиард теңгеден асты, ақшаның бір бөлігі байланысы бар компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа Астанадағы қымбат тұрғын үйлерден пәтерлер, «Lamborghini Urus», «Cadillac Escalade», «Mercedes» автокөліктері мен асыл тұқымды жылқылар сатып алынған. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды.

Екі күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жұмыстары жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

В Алматы 186 человек обратились укусов клещей к врачам

Конституциялық сот букмекерлерге қатысты маңызды шешім шығарады

shyn_ar_admin

Әлеуметтік желі: байланыс құралы ма, әлде тәуелділік тұзағы ма?