«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

2025 жылы Рамазан айы қашан басталады?

Ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 2025 жылғы діни мерекелердің күнтізбесін жариялады.

Қасиетті Рамазан айы келер жылы 1-29 наурыз аралығында болады. Қадір түні наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түнге дөп келіп тұр.
Рамазан айынан кейінгі Ораза айт 30 наурыз күні тойланады. Үш күнге созылатын Құрбан айт 6-8 маусымға дөп келіп тұр. Еліміздегі Еңбек кодексіне сәйкес, мұсылман күнтізбесі бойынша аталатын Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып бекітілген. Сондықтан қазақстандықтар жұмаға түсіп тұрған 6 маусым күні демалады.
Айттың қалған екі күні, яғни, 7-8 маусым да сенбі мен жексенбіге сәйкес келіп тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті

Сот Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты