«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Сот Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы оның адвокаты Радмир Утепов мәлімдеді.

Заңгердің айтуынша, Алматы қаласының тергеу соты Боқаевты қамауда ұстау мерзімін 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған.

«Бүгін, өкінішке қарай, Алматы қаласының тергеу соты қорғауымыздағы Санжар Омарұлы Боқаевтың қамауда ұстау мерзімін 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартты», – деді адвокат.

Еске салайық, Санжар Боқаев 2026 жылғы 18 наурызда Алматы қаласында ұсталған болатын. Бас прокуратураның мәліметінше, ол ұлттық компаниялардың бірінде жұмыс істеген кезінде аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Ұқсас жаңалықтар

Похолодание, ливни и снег нагрянут в Казахстан

Жемқорлықпен сотталғандарға жеңілдік жасала ма?

Bloomberg: Трамп Пасха мерекесіне дейін Украинадағы соғысты тоқтатуды қалайды