«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Тоқаев Оман сұлтанын «Алтын қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің бұл сапары Оман Сұлтанының Қазақстанға ғана емес, жалпы Орталық Азияға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапарды Қазақстан мен Оман арасындағы өзара байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам ретінде атап өтті. Президенттің айтуынша, Оманның Қазақстан үшін стратегиялық серіктес ретіндегі маңызы зор. Екі ел сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтіп, өзара мүддеге сай келетін түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

Қазақстан Президенті Оманды сенімді серіктес әрі достас, бауырлас мемлекет ретінде бағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар ол Оманның ұзақмерзімді даму стратегиясына тоқталып, «Oman Vision 2040» бағдарламасының ел экономикасын әртараптандыруға, инновацияларды дамытуға және адам капиталына инвестиция салуға бағытталғанын атап өтті.

Тоқаев Оман Сұлтанын көреген көшбасшы, бейбітшілікті қолдаушы және парасатты мемлекет қайраткері ретінде сипаттады.

Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевқа Оман Сұлтандығының ең жоғары мемлекеттік наградасы – Әл Саид орденін табыс етті.

Екі ел басшыларының өзара мемлекеттік наградалармен марапатталуы Қазақстан мен Оман арасындағы достық қатынастар мен стратегиялық әріптестіктің маңызын айқындай түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Шылым мен шу үшін жаза күшейді: Айыппұл – 58 мың, тіпті қамау бар

Алаяқтарға несие рәсімдеу қиындайды: Қазақстанда онлайн несие рәсімдеуге жаңа шектеулер енгізіледі

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстандықтар жайлы өмір сүру үшін қанша ақша қажет екенін айтты