«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Трамп өзі қаза болған жағдайға вице-президентке хат қалдырған

WASHINGTON, DC - JANUARY 20: President Donald Trump signs executive orders in the Oval Office of the White House on January 20, 2025 in Washington, DC. Trump takes office for his second term as the 47th president of the United States. (Photo by Anna Moneymaker/Getty Images)

Ақ үй өкілі Себастьян Горка АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметіне байланысты күтпеген жағдай туындаса, вице-президент Джей Ди Вэнске арналған арнайы нұсқаулық хат қалдырғанын мәлімдеді.

Басылым мәліметінше, Трамп әкімшілігінің контртеррористік стратегиясына жауапты Горка бұл туралы Pod Force One подкастында айтқан.

Оның сөзінше, шетелдік қарсыластар тарапынан АҚШ-тың 47-президентіне қастандық жасалуы мүмкін деген қауіп нақты алаңдаушылық тудырмайды. Алайда ол Қытай немесе басқа да дұшпандық ниеттегі тарап тарапынан қандай да бір қауіп туындаған жағдайда билік сабақтастығын қамтамасыз ететін арнайы хаттамалар қарастырылғанын жеткізді.

«Resolute үстелінің жәшігінде, егер президентке бірдеңе бола қалған жағдайда, вице-президентке арналған хат жатыр. Бізде арнайы хаттамалар бар. Оның егжей-тегжейін ашып айта алмаймын, бірақ мұндай жағдайға дайындық қарастырылған», – деді Горка.

БАҚ мәліметінше, Дональд Трамп жақында Қытайға барған. Бейсенбі күні Бейжіңде Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин арасында келіссөздер басталды. Кездесу барысында тараптар сауда және инвестиция мәселелерімен қатар, Ирандағы жағдай мен өзге де халықаралық тақырыптарды талқыламақ.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда мемлекеттік рәміздерді жоюға қатысты видеоға ресми түсініктеме берілді

Redaktor Shyn-Ar

«Жаназа ақысы – 100 мың теңге»: ҚМДБ түсініктеме берді

Қазақстан мен Ресей туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады