«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Кентауда қоқыс жәшігінен нәресте табылды: полиция анасын іздестіріп жатыр

Түркістан облысында жаңа туған сәбидің өлі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, нәрестенің анасын анықтау және іздестіру жұмыстары басталды.

«Полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп жатыр. Сондай-ақ жақын маңдағы тұрғындар мен мүмкін куәгерлерден түсініктеме алынуда, медициналық мекемелер тексерілуде», – делінген ресми хабарламада.

Полиция өкілдері қазір тергеу жүріп жатқанын, барлық мән-жай анықталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Ұқсас жаңалықтар

БАТЫРҒА ЖАСАЛЫНҒАН ҚИЯНАТ БҰЛАЙ КЕТПЕУІ КЕРЕК

«ТАЙТАЛАС ТАҒДЫР» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қант диабетін емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген тізбесінен алынады