«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Мемлекет басшысы екі елдің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Қазақстан мен Ресей арасындағы көпқырлы ынтымақтастық барлық бағыт бойынша дамып келе жатқанын, сондай-ақ саяси диалогтың бұрын-соңды болмаған серпін алғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жуырда Ресейге жасаған мемлекеттік сапары мен Владимир Путинмен өткен келіссөздердің табысты болғанына ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, бұл сапардың нәтижелері Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға елеулі ықпал етті.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: Әркім өз ана тілінде сөйлеуге құқылы, өзгелерге құрметпен қарауымыз қажет

Redaktor Shyn-Ar

Фермерлер сиыр етінің бағасын келісіне 10-12 мың теңгеден сатуды ұсынды

Сыртқы қарыз көлемі 170,5 млрд доллар: Қазақстанның қарызы өсті

Redaktor Shyn-Ar