«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Сыртқы қарыз көлемі 170,5 млрд доллар: Қазақстанның қарызы өсті

Қазақстанның сыртқы қарызы 170,5 млрд долларға жетті
көрнекі сурет

Қазақстанның сыртқы қарызы 170,5 млрд долларға жетті

Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 170,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың басымен салыстырғанда 5,7 млрд долларға жоғары.

Ұлттық Банктің мәліметінше, қарыздың өсуіне екі негізгі фактор әсер еткен:

  • төлем балансы операциялары есебінен – 3,4 млрд долларға;

  • валюталық, бағалық және өзге де өзгерістер есебінен – 2,3 млрд долларға.

Сыртқы қарыз құрылымында бастапқы өтеу мерзімі бойынша қарыздың 87,1%-ы ұзақ мерзімді (1 жылдан астам) міндеттемелерге тиесілі.

Қаржы құралдары бойынша алғанда, сыртқы қарыздың негізгі бөлігін резидент еместерден алынған несиелер мен қарыздар (71,9%) құрайды. Сонымен қатар, резидент еместердің иелігіндегі борыштық бағалы қағаздар үлесі – 9,3%.

Ұқсас жаңалықтар

Келіспеушілік ушықты ма? Ресей Әзірбайжанмен байланысқа қатысты үн қатты

Алматыда жаяу жүргіншілер жолы электрсамокаттардан тазарады

Redaktor Shyn-Ar

Каспий теңізінен үлкен қара дақ байқалды