«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересінің меншігіне өтті

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы немересі Нұрәли Әлиевтің меншігіне өтті. Бұған дейін нысан экс-президентке қарасты қордың меншігінде болған.

Резиденция ресми түрде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы аумағына кіреді. Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының дерегіне сәйкес, сарайдың қазіргі иесі – Нұрәли Әлиевке қарасты Service Engineering Group компаниясы.

Жылжымайтын мүліктің Нұрәли Әлиевтің қарамағына қандай шартпен өткендігі туралы ашық ақпарат жоқ.

Service Engineering Group-тің түпкі иесі былтыр Capital Holding ЖШС және Darmen Holding ЖШС болған. Darmen Holdingтің түп төркіні Нидерландыдағы офшорлық Greatex Capital Holding B.V. компаниясына тіркелген. Forbes.kz мәліметі бойынша, Нұрәли Әлиев Қазақстандағы активтерін осы компаниялар арқылы басқарады.

Нұрәли Әлиев былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 39-орынға жайғасып, байлығы 289 миллион доллар деп бағаланған. 2025 жылы ол елдегі байланыс саласындағы ірі активі – «Транстелекомды» сатты.

Үшқоңыр резиденциясы 2014 жылы салынып, 2016 жылы ресми тіркеуден өткен. Сарайға дейін тас жол төселген, газ және жарық тартылған. 2016 жылдан 2022 жылға дейін жылжымайтын мүлік Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының меншігінде болған.

Шамамен үш жыл бұрын, түрмеде жатқан Қайрат Сатыбалдының атында тұрған Үшқоңыр резиденциясы экс-президентке сыйға берілгендігі туралы ақпарат тараған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

По всему Казахстану: МВД стартовал ОПМ

Дамир Оразбаев

Референдум ашық әрі әділ өтті, ешқандай күмән жоқ – Тоқаев

Қай өңірлерді су басуы мүмкін? – вице-министр жауап берді