«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚаржы

Қазақстанда маркетплейстерде халал бөліп төлеу жүйесі іске қосылмақ

Қазақстанда халал бөліп төлеу жүйесін іске қосу жоспарланып отыр. Zaman Bank басқарма төрағасының орынбасары Диар Смағұлов Forbes басылымына берген сұхбатында банк маркетплейстер арқылы халал бөліп төлеу қызметін ұсынуды көздеп отырғанын айтты. Оның сөзінше, жеке маркетплейс құру өте ұзақ әрі қымбат процесс, мысалы, Kaspi-дің қалыптасуына шамамен 10 жыл кеткен. Сондықтан Zaman Bank дайын маркетплейстермен әріптестік орнатып, сол платформаларда халал бөліп төлеу қызметін енгізуді жоспарлап отыр. Егер жоба сәтті жүзеге асса, болашақта Amazon сияқты халықаралық платформаларға шығу мүмкіндігі де қарастырылмақ.

2026 жылы Қазақстанда «Банктер және банк қызметі туралы» жаңартылған заң күшіне енеді. Бұл заңдағы өзгерістерге сәйкес, екінші деңгейлі банктерге исламдық терезелер ашуға рұқсат беріледі. Исламдық терезе – өсімқорлықсыз, шариғат талаптарына сай қаржылық қызмет көрсететін арнайы бөлімше. Бұған дейін елімізде исламдық қаржы құралдарын ұсыну үшін міндетті түрде жеке ислам банкін құру қажет болатын.

Сондай-ақ Диар Смағұловтың айтуынша, қазіргі уақытта Zaman Bank-тің өз төлем картасы жоқ, алайда банк жақын арада Mastercard клубына қосылған.

Халал бөліп төлеу жүйесінің негізгі ерекшелігі – пайыздық өсімнің болмауы. Әдетте бұл модельде банк тауарды алдымен өзі сатып алып, кейін оны тұтынушыға алдын ала белгіленген бағада бөліп төлеу арқылы сатады. Осылайша, бұл қызмет дәстүрлі несие немесе кәдімгі бөліп төлеуден исламда тыйым салынған пайыздық үстемеақының жоқтығымен ерекшеленеді.

Ұқсас жаңалықтар

МӘМС 30 млн теңгеден астам қаражатты желге ұшырған

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда қыркүйектен бастап айыппұлдар қоғамдық жұмыстармен алмастырылады

Redaktor Shyn-Ar

Отандық өнімнен төмен бағамен келетін шетелдік тауарларға тыйым салынады

Redaktor Shyn-Ar