«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Аймақтар

Биылдан бастап миллиондаған адамның жалақысы артады

Биылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты миллиондаған азаматтың жалақысы артады. Бұл жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде қолданылатын салық шегерімінің мөлшері едәуір ұлғаюымен байланысты. Бұған дейін салық шегерімі 14 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құраса, 2026 жылдан бастап ол 30 АЕК-ке дейін өсіп, 129 750 теңге болып белгіленді.

Салық шегерімі — табыстың салық салынбайтын бөлігі. Яғни жеке табыс салығы осы сома шегерілгеннен кейін ғана есептеледі. Осы өзгерістің нәтижесінде ай сайынғы жалақысы 150 мың теңге және одан төмен азаматтар жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Соның арқасында олардың қолына алатын таза жалақысы көбейеді.

Мысал ретінде жалақысы салық салынғанға дейін 150 мың теңге болатын жағдайды қарастырайық. Бұл сомадан 15 мың теңге көлемінде зейнетақы жарнасы (10%), 3 мың теңге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (2%) ұсталады. Сондай-ақ 129 750 теңге мөлшеріндегі салық шегерімі алынып тасталады. Нәтижесінде салық салынатын табыс 2 250 теңгені құрайды, оның 10 пайызы, яғни 225 теңге жеке табыс салығы ретінде төленеді.

Бұрынғы тәртіп бойынша бұл жағдайда жеке табыс салығы 7 145 теңге болатын. Соның нәтижесінде қызметкер бұрын қолына 124 855 теңге алса, енді 131 775 теңге алатын болады. Ал егер жалақы 150 мың теңгеден төмен болса, жеке табыс салығы мүлде алынбайды.

Ұқсас жаңалықтар

Маңғыстау мұнай шенеуніктері 250 миллион теңге жымқырды

Redaktor Shyn-Ar

Каспий теңізінен үлкен қара дақ байқалды

Таразда 17 жыл құлдықта болған Құндыздың қол-аяғы байлаулы фотосы тарады