«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Тоқаев Астанада қайтыс болған фельдшерді марапаттады

Мемлекет басшысының жарлығымен Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Хабарламада оның қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы атап көрсетілген.

Еске салсақ, 18 қарашада 23 жастағы фельдшер Астанада қайтыс болды. Ол 8 қарашада тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде зардап шеккен еді.

Ұқсас жаңалықтар

Дулат Исабековтің рухына арнап ас берілді

«Орыстар – әлдеқайда білімді, жауапкершілігі жоғары және тиянақты» – Марғұлан Тұрсынов

Redaktor Shyn-Ar

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды