АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде өзіне жаңа қызмет «тағайындалғанын» көрсететін скриншот жариялады. Жазбада «Википедиядағы» өмірбаянға ұқсас бет көрсетілген.
Скриншотта Дональд Трамптың 2026 жылдың қаңтар айынан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарып отырғаны жазылған. Сондай-ақ бұл қызметке дәл сол айда тағайындалғаны көрсетілген. Бұған қоса, оның АҚШ президенті ретіндегі қазіргі лауазымы да қатар берілген.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында АҚШ Венесуэлаға қарсы операция жүргізіп, ел астанасы Каракаста президент Николас Мадуро мен оның жұбайын тұтқындаған болатын. Кейін Мадуроның Бруклиндегі тергеу изоляторына жеткізілгені хабарланған еді.
