«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚаржы

Құн салығын көтергеннен дағдарыс болмайды – Ұлттық экономика вице-министрі

Қаржы вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа мөлшерлемесі тұтынушылар үшін айтарлықтай сезілмейді.

«ҚҚС төлейтіндер үшін баға шамамен 2–2,5 пайызға ғана көтеріледі деп болжанып отыр. Бұл аса байқалмайды, себебі көптеген тауар өндіруші салықтан босатылған», – деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, ең қажетті азық-түлік өнімдерін өндіретін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары ҚҚС-тан толықтай босатылады.

Журналистердің «ҚҚС мөлшерлемесін қайта қарау дағдарысқа әкелмей ме?» деген сұрағына Әмрин:

«Құн салығының өсуі дағдарысқа себеп болмайды. Мысалы, ертең, Құдай сақтасын, пандемия басталуы мүмкін. Сондықтан ҚҚС өсімін дағдарыспен тікелей байланыстыру дұрыс емес», – деп жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Қариннің лауазымын қысқартып, Вице-президент институтын енгізуді ұсынды

Тоқаев Қазақстанның жетекші державалармен қарым-қатынасындағы ұстанымын айтты

«Өте діндар, тұйық болған»: Атыраудағы резонансты іс бойынша күйеу балаға күдік күшейді

Redaktor Shyn-Ar