«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Тұрғын үйге қатысты тағы бір қызмет онлайн форматқа өтті

Қазақстанда сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үйді онлайн режимде рәсімдеу мүмкіндігі іске қосылды. Мемлекеттік корпорация «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» қызметін қашықтан көрсетуге арналған пилоттық жобаны бастады.

Енді азаматтар сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үйге өтінімді онлайн түрде беріп, электрондық шартты «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ порталы арқылы рәсімдей алады. Одан кейін құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеуге қажетті барлық құжаттар «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіне автоматты түрде жіберіледі.

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің мәліметінше, бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметті алу мерзімін едәуір қысқартып, азаматтардың қаржылық және уақыт шығындарын азайтуға, сондай-ақ рәсімдеу процесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан елшілігі Түркиядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Шерзат ісі: Айыпталушылар судьяны шеттетуді сұрады, бірақ ол істі жүргізуді жалғастыратын болды

Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды