«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Қазақстанда жүзден аса стоматология жабылды

Қазақстанда стоматологиялық клиникаларға қатысты жоспардан тыс тексерістер жалғасып жатыр. Қаңтар айында 73 стоматологияның жұмысы уақытша тоқтатылса, қазіргі таңда жабылған клиникалар саны 140-тан асты.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, ел бойынша барлығы 456 жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. 5 ақпандағы жағдай бойынша олардың 313-і аяқталған, тоғызы тіркеу сатысында, ал бір тексеріс әлі де жалғасып жатыр. Тексеріс қорытындысында 143 стоматологиялық клиниканың қызметі тоқтатылған.

Ең көп жабылған стоматологиялар Атырау облысында тіркелген – 54. Алматыда 26 клиника, Ақтөбе облысында 12, Астанада 11, Қызылорда облысында 10 стоматологияның жұмысы тоқтатылған.

Тексеріс нәтижесінде клиникаларға жалпы сомасы шамамен 75 миллион теңге айыппұл салынған. Түрлі заңбұзушылықтар бойынша 476 әкімшілік хаттама толтырылған. Атап айтқанда, заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет үшін 140 хаттама рәсімделіп, 3,1 миллион теңге айыппұл салынған. Лицензиялау талаптарын бұзуға қатысты 62 хаттама бойынша 8,6 миллион теңге өндірілген. Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар айналымы ережелерін бұзу дерегі бойынша 84 хаттама толтырылып, айыппұл көлемі 19,3 миллион теңгені құраған. Медициналық көмектің стандарттарын өрескел бұзуға байланысты 70 хаттама жасалып, 3,9 миллион теңге айыппұл салынған.

Сондай-ақ тіркелмеген немесе қолдануға тыйым салынған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, сату, пайдалану немесе жарнамалау бойынша 13 жағдай анықталған. Бұл заңбұзушылықтар үшін салынған айыппұл көлемі 6,8 миллион теңгеге жеткен.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстан» РТРК-ның жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды

Китай сделал сенсационное заявление о пандемии COVID-19

Украина Паралимпиада-2026 ойындарына саяси бойкот жариялады