«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарӘлеуметБасты ақпарат

Шахтадағы апаттың себебі белгілі болды

Шахтадағы апаттың себебі белгілі болды
Көрнекі сурет

Үкіметтік комиссия аварияның тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Алдын ала деректер бойынша шахтада табиғи газ жарылған. Комиссия мүшелерімен бірлесіп, авария болған жерді қарап, қаза тапқандардың отбасыларымен кездестім. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі арнайы кіші комиссия құрылды. Оның бірі аварияның туындау себебін, екіншісі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын анықтауы тиіс. Осы екі комиссия өз жұмыстарын 10 күннің ішінде аяқтауы қажет,- деді ол.

Бозымбаев шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылғанын атап өтті.

Қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіліп жатыр. «Қазақмыс» жерлеу рәсімін өтеп, олардың жылдық орташа жалақысының 10 еселенген төлемін, балалардың оқу ақысы мен алған несиелерін өтейді. Кеншілердің отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы мен асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік өтемақы тағайындалады. Жерлеуге арналған өтемақы төленеді. Тергеу нәтижелері комиссия жұмысы аяқталған соң ұсынылады,- деді Қанат Бозымбаев.

Оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 402 адам эвакуацияланды.

Ұқсас жаңалықтар

«Ұйқысыз қалды»: Астанада автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың қазіргі жағдайы белгілі болды

Серік Жұманғарин отбасының 2024 жылғы табысы 88,6 млн теңгені құрады

Шерзат ісі: Үйқамақта болуы тиіс айыпталушы оқиға кезінде бостандықта жүрген

Redaktor Shyn-Ar