«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Арман Қырықбаев: Мемлекет басшысы – жаңа Конституцияның негізгі авторы

Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев Алматы жастарының қатысуымен жаңа Конституцияның негізгі ережелерін талқылады. Кездесуде студенттер мен белсенді жастар Ата Заңға қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.

Арман Қырықбаевтың айтуынша, жастар еліміздегі конституциялық реформаларға ерекше қызығушылық танытып отыр. Олар жаңа Конституцияның өз болашағына және Қазақстанның дамуына тікелей әсер ететін маңызды құжат екенін жақсы түсінеді.

Сондай-ақ ол жаңа Конституцияда Президент ұсынған «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» идеялары толық көрініс тапқанын атап өтті. Оның пікірінше, осы бастамалар халықтың сұранысын білдіретіндіктен, Мемлекет басшысын жаңа Конституция жобасының негізгі авторы деуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

«120 мың теңге қарызды 450 мың етіп қайтартқан»: Алматыда микроқаржы ұйымдары клиенттерінен заңсыз пайда көрген

Марат Қарабаев Көлік министрі лауазымынан кетті