«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратЭкология

Бес өңірде су тасқыны қаупі күшейді – Олжас Бектенов

5 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктеріне су тасқыны қаупіне байланысты бірқатар шұғыл тапсырма берді.

Үкімет мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны қаупі бар бес өңірде – Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысы аумақтарында мұз қабатының қалыңдығы 4 см-ге дейін жетіп, топырақтың 2 метрге дейін қатқаны байқалғанын айтты.

Премьер-министр Экология министрлігіне гидрологиялық мониторингті күшейтуді, ал тиісті органдарға су қоймаларын тұрақты бақылауда ұстап, қажет жағдайда алдын ала су жіберу шараларын қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ өңір әкімдіктеріне елді мекендерден қар шығару, қорғаныс бөгеттерін нығайту, азық-түлік пен жанар-жағармай қорын дайындау және өзендерде мұз жару жұмыстарын жүргізу жүктелді.

Ал Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару күштерінің толық дайындығын қамтамасыз етіп, қажет болған жағдайда халықты эвакуациялау алгоритмдерін пысықтауы тиіс.

Су тасқынына дайындық жұмыстарын үйлестіру Қанат Бозымбаевқа жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады

Россия сняла запрет на ввоз пшеницы из Казахстана

Жаз мезгілінде ауыр жүк көліктеріне жол қозғалысында шектеу қойылады